НАТО елдері ЖІӨ-нің 5% қорғанысқа жұмсайды

НАТО-ға мүше елдер 2035 жылға қарай қорғаныс саласына жалпы ішкі өнімінің 5%-ін жұмсауға келісті.

Бұл туралы Гаагада өткен саммиттің қорытынды құжатында айтылған. Бұған дейін бұл көрсеткіш 2% болатын. Қаржының 3,5%-і әскери мақсатқа, 1,5%-і инфрақұрылым мен цифрлық желілерді қорғауға бағытталмақ. Жоспар 2029 жылы қайта пысықталады.