АҚШ пен Қытай жаңа сауда келісіміне қол қойды

АҚШ пен Қытай жаңа сауда келісіміне қол қойды. Бұл туралы президент Дональд Трамп мәлімдеген.

Қытайдың Сауда министрлігі де мұны мақұлдады. Құжат Женева мен Лондонда болған келіссөз кезіндегі шарттарды бекіткен. Осының негізінде Қытай жел турбиналары, реактивті ұшақтар мен басқа жоғары технологиялық өнімдер шығаруға қажетті сирек металдарды жеткізуге, ал АҚШ импортқа салынған бірқатар шектеуді алып тастауға міндеттеме алды. Алғашқы сауда келіссөзі мамырда Швейцарияда өткен. Кейін Трамп пен Си Цзиньпин телефонмен тілдесті. Ал маусымда Лондонда делегациялардың екінші кездесуі өтті.