Қытайда су тасқынынан алты адам қаза тапты

Қытайдың Гуйчжоу провинциясында тасқын жүріп, 6 адам ажал құшты.

"Ассошиэйтед престің" хабарлауынша, 80 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Жуцзянь уезіндегі Дулю өзені тасып, су деңгейі қалыпты шектен 11 метрге көтерілді. Жергілікті ақпарат құралдары аймақта мұндай алапат тасқын бұрын-соңды болған емес дейді. Ондаған қала мен жүздеген ауылды су шайып кетті. Инфрақұрылым қирап, жолдар жабылып, кейбір ауданда байланыс үзілген. Құтқару жұмысы жалғасуда.