Үндістанда фестиваль кезінде үш адам қаза тапты
Үндістанның Пури қаласында ең маңызды мереке Арба фестивалі кезінде 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.
Тағы 50-ге жуық тұрғын жарақат алған. Бұл туралы Hindustan Times басылымы хабарлады. Олардың айтуынша, фестиваль ұйымдастырылған жерде шығу жолы өзгеріп, он мыңнан астам адам кіріп-шығу үшін бір ғана қақпаны пайдалануға мәжбүр болған. Соның кесірінен жиналған жұрт бірін бірі итеріп, қысылып қалған. Арба шеруі халық көп жиналатын діни мерекелердің бірі. Әдетте адамға лық толы мұндай жерде қайғылы жағдай жиі болып тұрады.