Трамптың Иранға қатысты саясаты құбылмалы болып тұр
Президент Дональд Трамптың Иранға қатысты саясаты құбылмалы.
Ақ үй басшысының мәлімдемесіне аса сенудің қажеті жоқ. Мұны Иранның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Бағаи мәлімдеді. Осыған дейін Тегеран: "Вашингтон ядролық бағдарлама бойынша қайта келіссөз бастауды ұсынғанын хабарлады. Ізінше Президент Трамп ядролық нысандарын жойғаннан кейін Иранмен байланыс орнатқанымыз жоқ, деп мәлімдеді. Сондай-ақ Ақ үй басшысы атом энергиясын бейбіт мақсатта дамыту үшін АҚШ Тегеранды санкциялардан босатады деген ақпаратты да жоққа шығарды.