Калифорниялық шаруалар өнімсіз қалудан қорқып отыр

АҚШ-та калифорниялық шаруалар биыл өнімсіз қаламыз ба деген уайыммен отыр, деп хабарлайды 24kz.

Өйткені оны жинайтын жұмысшы жоқ. Штаттағы негізгі жұмыс күші – мигранттар. Екі айдан бері елдің көші-қон полициясы рейд жүргізіп көптеген адамды депортациялаған. Әсіресе, көкөніс өсіретін диқандардың жағдайы қиын. Себебі, өнімді уақытылы жинамаса, шіріп кетуі мүмкін. Сондықтан шаруалар мигранттарды тексеру шараларын тоқтатуға шақырды.