Варшавада трамвай жүргізушілері сайысқа түсті

Ұлттық чемпионатқа 12 команда жиналды, деп хабарлайды 24kz.

Ерекше ептілік пен дәлдікті қажет ететін жарыста қатысушылар шеберлікпен трамвай жүргізді. 50 тонналық көлікті тізгіндеп, дер кезінде тоқтатып, арақашықтықты сақтау секілді өнерлерін ортаға салды. Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандарға да жәрдем берді. Айта кетейік, жеңімпаз команда биыл күзде Венада өтетін әлем чемпионатына қатысады.