Дональд Трамп Жапонияға шүйлікті
Дональд Трамп Жапонияға үлкен көлемде салық саламын деп қорқытты. Оның айтуынша, Күншығыс елі АҚШ күрішін сатып алмай отыр, деп хабарлайды 24kz.
Ақ үй басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында «АҚШ – көп жылдан бері Жапонияның сауда серіктесі, оларға хат жолдап жатырмыз. Негізі қазір Жапонияда күріш тапшы», - деп мәлімдеді. АҚШ санақ бюросының сауда деректеріне сәйкес Жапония былтыр АҚШ-тан 298 миллион долларға, ал биылғы қаңтар-сәуір айлары аралығында 114 миллион долларға күріш сатып алған.