WSJ: Гарвард азамат құқықтары заңын бұзды
«Гарвард университеті еврей және израиль студенттеріне қатысты Азаматтық құқықтар туралы федералдық заңды бұзды».
Дональд Трамп әкімшілігі осындай қорытындыға келген. Бұл туралы америкалық The Wall Street Journal басылымы хабарлады. Енді билік: «Гарвард университетін барлық қаржыдан қағамыз», - деп отыр. Трамп әкімшілігі Гарвард президенті Алан Гарберге жолдаған хатында университет 2 жыл бойы еврей студенттерге шабуылдар жасалып, қысым көрсетілгенін жазған.
Естеріңізге сала кетейік, Трамп бұған дейін жоғары оқу орнына 2 млрд доллар бөлу ісін тоқтатқан болатын. Ақ үйдің талабы бойынша Гарвард әралуандық, теңдік және инклюзия бағдарламасынан бас тартуға тиіс. Бірақ университет мұнымен келіспей, Трамп әкімшілігін сотқа берген еді.