Қытайдың екі провинциясы су астында қалды

Қытайда 2 бірдей провинцияны су басты.

Ахуал әсіресе Хэнаньда қиын. Мұнда тегеурінді су бірнеше елді мекенді жайпап өткен. 2 адам опат болып, тағы алтауы ізім-қайым жоқ. Ал Хубэй провинциясында тасқынға байланысты 18 мыңға жуық тұрғын үйлерінен көшірілді. Аймаққа 12 сағатта бір айлық жауын-шашынның мөлшері жауған. Өңірде электр жарығы мен су жоқ. Бағдаршамдар істен шығып, көлік қозғалысы да қиындаған. Провинция аумағында қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды.