Германияда халық аптап ыстықтан әбігерге түсті

Германияны да шілденің шіліңгір ыстығы қуырып барады.

Елдің батысы мен оңтүстігінде сынап бағанасы 40 градусқа жетіп, ірі қалаларда 30 градустан асты. Дәрігерлер тұрғындарға көшеде көп жүрмеуді ескертті. Сондай-ақ билік медицина қызметкерлерін төтенше жағдайға дайын болуға шақырған. Кейбір хайуанаттар бағы жабылды. Қолайсыз күн райына байланысты бірнеше пойыз кейінге шегерілген. 

Максим, студент:

"Өте ыстық. Бізде температура бағаны 37 градусты көрсетіп тұр. Басымыздан күн өтіп кетті".