АҚШ пен Ресей президенттері телефон арқылы сөйлесті

Дональд Трамп пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме шамамен 1 сағатқа созылған. Бұл туралы Владимир Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков хабарлады. Айтуынша, Ресей-Украина қақтығысы және оны саяси тұрғыда реттеу жолдары талқыланған. Сондай-ақ Таяу Шығыстағы, оның ішінде Ирандағы ахуал да тілге тиек болды.