Римде 3000-нан астам су ішетін бұрқақ орнатылды

Италияның көптеген аймағында термометр бағаны 40 градустан түспей тұр, деп хабарлайды 24kz.

Бірақ сонда да Колизей сияқты танымал орындарда туристер легі азаяр емес. Рим билігі саяхатшылардың денсаулығына қауіп төнбес үшін 3 мыңнан астам су ішетін бұрқақ орналастырды. Оларды ұялы қосымша арқылы оңай табуға болады. Сондай-ақ бүкіл қала бойынша ондаған жылжымалы қос пайдалануға берілді. Бұл ғимараттар ауа баптағыштармен жасақталған. Олардың маңында медицина қызметкерлері кезекшілікте жүр.