Еуроодақ Израильге қарсы санкция енгізуі мүмкін
Еуропалық Одақ Израильді экономикалық қыспаққа алуы мүмкін, деп хабарлайды 24kz.
Бұған еврей армиясының Газа секторындағы әскери операциясы себеп. Euractiv порталының дерегі бойынша Еуропалық дипломатия басшысы Кая Каллас шектеу шарасының нұсқасын келесі аптада ұсынбақшы. Келтірілген мәліметтерге қарағада, Кәрі құрлық ұйымы мен Тель-Авив арасындағы «Ассоциация» жөніндегі келісім толық немесе ішінара тоқтауы мүмкін. Сондай-ақ лауазымды тұлғаларға, әскери қызметкерлерге санкция салу мәселесі талқыланып жатыр. Бұдан бөлек, сауда-саттықты шектеп, қару-жарақ жеткізуге эмбарго жарияланып, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты доғармақ. Санкция салу-cалмау туралы мәселе Еуропалық Одақтың Сыртқы істер министрлерінің 15 шілдеде өтетін жиында белгілі болады. Дәл сол күні Израиль Газа секторындағы гуманитарлық ахуал жөнінде есеп беруге тиіс.