Израиль-ХАМАС келіссөзі нәтижесіз аяқталды

Израиль-ХАМАС келіссөзінің алғашқы кезеңі нәтижесіз аяқталды, деп хабарлайды 24kz.

Sky News Arabia телеарнасының дерегі бойынша екі жақ бітім шарттарына қатысты ортақ шешімге келе алмады. Өйткені израильдік делегацияға келісім жасауға құзырет берілмеген. Арағайын елдер ұсынған құжат бойынша ХАМАС 10 Израиль тұтқынын босатуы және қаза тапқан 18 адамның сүйегін беруі тиіс. Бұған қарымта ретінде 60 күнге оқ ату тоқтайды. Еврей әскері Газаның оңтүстігіне қарай шегінеді. Бұл келіссөз Израиль премьер-министрінің Вашингтонға сапары қарсаңында өтті. Бүгін Биньямин Нетаньяху Президент Дональд Трамппен Газа Секторында оқ атпау бойынша мәселені талқылайды.