Үндістан халқы Далай-ламаның 90 жасын атап өтті

Үндістанда тибет халқының рухани жетекшісі Далай-ламаның 90 жасқа толған мерейтойы өтті, деп хабарлайды 24kz.

Оған әлемнің әр түкпірінен ізбасарлары жиналды. Далай-лама Нобель сыйлығының лауреаты әрі әлемдегі ең ықпалды діни тұлға саналады. Мерейтойда ол ұзақ өмір сүретінін тілге тиек етіп, әлі 40 жыл жасайтынын айтты. Жиынға қатысушылар тибет биін билеп, дәстүрлі әндерін орындады.