Жапонияда құрылысшылар желдеткіші бар күртеше киіп жүр

Жапонияда аптапқа байланысты құрылысшыларға желдеткіші бар арнайы күртешелер берілді. Бұл жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалған шаралардың бірі. Өйткені ми қайнатар ыстықта бастан күн өту қаупі жоғары.

Ресми дерекке қарағанда қолайсыз ауа райынан өлім-жітім кейінгі 10 жылда екі есе артқан. Қазір Токиода сынап бағанасы 35 градустан асады. Бұл биыл жаз басталғалы бері тіркелген жоғары көрсеткіш. Ахуалға байланысты 30 префектурада ескерту жарияланды.

Тору Сузуки, құрылыс алаңының басшысы:

- Жұмысшыларға күртешеден бөлек, құрылыс алаңындағы ауа температурасын өлшеп отыратын құрылғы мен ондағы жағдайды бақылап тұратын камера орнатылды. Егер сынап бағанасы 28-ден асып кетсе, құрылысшылардың әр сағат сайын үзіліс жасап, тынығуына болады. Ал 31-ден асса, әр 30 минут сайын демалуға рұқсат.