Д. Трамп: АҚШ Украинаға көбірек қару жібереді

АҚШ Украинаға көбірек қару-жарақ жібереді.

 Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп мәлімдеді. Ол Украинаға Ресей тарапынан аяусыз шабуыл жасалып жатқанын айтқан. 

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

"Біз Украинаға көбірек қару-жарақ жібереміз. Осылай істеуіміз керек. Олар өзін қорғай алуы қажет. Қазір Украинаға қатты шабуыл жасалып жатыр. Негізінен қорғанатын қару жібереміз".