АҚШ-та қызылша жұқтырғандар көбейді
АҚШ-та қызылша жұқтырғандар көбейді.
Науқастардың қарасы 1 мың 270-тен асты. Вашингтон Пост ((Washington Post)) басылымының жазуынша, бұл елде кейінгі 33 жылда осы дерттің ең көп тіркелуі. Ауру 38 штат пен Колумбия округіне дейін тараған. Жағдай әсіресе Техас штатында қиын. Мұнда 750 азамат осы вирусты жұқтырған. 3 адам көз жұмды. Жалпы қызылша жұқпалы ауру, ауа арқылы таралады. Вирус ауада 2 сағатқа дейін сақталуы мүмкін. Бұл ауру өкпенің және ми қабығының қабынуы сияқты асқынуларымен қауіпті.