Мәскеуде ыстықтың беті қайтпай тұр

Мәскеуде де термометр бағаны 35 градустан асқан.

Осыған орай қалада қауіп-қатердің жоғары қызғылт-сары деңгейі енгізілді. Елдің Гидромет орталығының хабарлауынша, айрықша режим 14 шілдеге дейін сақталады. Ал синоптиктер жоғары температура апта аяғына дейін сақталып, тіпті 40 градусқа жетеді деп ескертті. Билік тұрғындарды далада көп жүрмеуге шақырған.