Болгария еуроаймаққа қосылады
Болгария еуроаймаққа келер жылдың 1 қаңтарынан бастап қосылады. Мұны Еуропарламент депутаттары мақұлдады. Осылайша Болгария еуроаймаққа мүше болған 21-ші ел атанады. Оның негізгі шарттарының бірі – қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Былтыр елдегі орташа жылдық инфляция 2,7% құрады. Бұл көрсеткіш Еуропа орталық банк белгілеген 2,8%-тік шекті мәннен сәл төмен. Бірыңғай валютаны пайдаланудан басқа Болгарияның Еуропа орталық банкінің басқарушы кеңесінде де өз орны болады. Бұл шетелдік инвесторлардың сенімін арттырады.