Трамп мыс және дәрі-дәрмек импортына салық салуға ниетті
АҚШ президенті Дональд Трамп мыс импортына 50 және дәрі-дәрмек әкелуге 200 пайыз салық салатынын мәлімдеді.
Бұл туралы «Дойче Велле» басылымы хабарлаған. Бұл шектеулердің қашан күшіне енетіні әзірге белгісіз. Сондай-ақ Ақ үй басшысы өндірушілерге жаңа жағдайға бейімделу үшін 1 жыл мұрсат беретінін де жеткізді. Трамп бұл шешімін АҚШ-тың ішкі өндірісін ынталандыру үшін қабылдап жатқанын түсіндірген. Оның мәлімдемесі американдық COMEX тауар биржасындағы мыстың бағасына бірден әсер етіп, тоннасы 12 мың долларға көтерілді.