Оңтүстік Кореяның экс-президенті қамауға алынды

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль қамауға алынды, деп хабарлайды 24kz.

Мұндай шешімді Сеул қалалық соты шығарды. Бұл туралы «Рёнхап» ақпарат агенттігі хабарлады. Саясаткерге «елде төтенше жағдай жариялағысы келді» деген айып тағылып отыр. Былтыр 3 желтоқсанда «қызметін асыра пайдаланды» деген айыппен Юн Сок Ёльге импичмент жарияланған болатын. Конституциялық сот импичментті 4 сәуірде мақұлдады.