Трамп: Израиль мен ХАМАС жақында келісімге келеді
Газа секторы бойынша келісім жасалады. Бұл туралы Дональд Трамп Ақ үйде журналистермен кездесуінде айтты, деп хабарлайды 24kz.
Ол Израиль мен ХАМАС алдағы 2 аптаның ішінде ортақ мәмілеге келеді деп сенеді. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху америкалық ақпарат құралдарына берген сұхбатында да осындай пікір білдірді. Газа секторы бойынша келіссөз 6 шілдеден бері Дохада өтіп келеді. Екіжақты келісімге АҚШ араағайындық жасап отыр.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
- Осы не келесі аптада келісімге келуге мүмкіндігіміз бар деп ойлаймын. Бірақ кесіп айту қиын. Әсіресе, соғыс жағдайында бірдеңе айту күрделі. Десе де, мәміле жасасуға сәл қалды деген сенімім бар.