Пәкістанның Лахор қаласында су тасқынынан төрт адам қаза тапты
Пәкістанның Лахор қаласында шелектеп жаңбыр жауып, мұның соңы тасқынға ұласты.
Салдарынан 4 адам опат болды. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады. Синоптиктердің мәліметінше, бір тәулікте 15 см-ге дейінгі мөлшерде жауын-шашын түскен. Бұл жағдай осы маусымдағы ең жоғары тәуліктік көрсеткіш ретінде тіркелді. Нөсерден көшелер көлге айналып, қалада қозғалыс қиындады. Мамандар елдің солтүстігі мен солтүстік-батысындағы Гилгит-Балтистан, Хайбер-Пахтунхва провинцияларында температураның күрт жоғарылауына байланысты су тасқыны қаупі барын ескертті.