Бразилия АҚШ тауарларына 50% салық салады
Бразилия АҚШ енгізген баж салығына қарымта қайтарады, деп хабарлайды 24kz.
Америка бразилиялық тауарларға 50% алымды алып тастамаса, дәл сондай мөлшерде салық салады. Президент Луис Инасиу Лула да Силва осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, үкімет Трамптың шектеулеріне қарсы тұру үшін нақты іс-шаралар жоспарын бекітіп жатыр. Ол үшін арнайы зерттеу тобы құрылмақ. Ал Ақ үй қожайынының айтуынша, алымдар Бразилияның қазіргі билігі бұрынғы президент Жаир Болсонаруды қудалап жатқаны үшін қабылдаған. Бірақ Трамп тауарларға салық көлемін көтеретінін сәуір айының басында-ақ ескерткен. «Кейін сауда келіссөзіне мүмкіндік беремін», - деп оны 3 айға шегерген еді.