АҚШ-тың Вермонт штатын су басты
АҚШ-тың Вермонт штатын су басты. Аймақта толассыз жауын жауып, арты тасқынға ұласты. Салдарынан тұрғын үйлерді су шайып, жолдар жүруге жарамсыз болып қалды.
Ресми дерекке қарағанда Вермонт штатында қатарынан үшінші жаз тасқын болып жатыр. «Қазір әсіресе штаттың таулы аймақтарында ылғалдылық деңгейі мен тасқын қаупі жоғары», – дейді құтқарушылар. Мамандар табиғаттың тосын құбылысын климат өзгерісімен байланыстырады.