Қытайдың оңтүстігінде тасқын қаупі жоғары
Қытайдың оңтүстігінде толассыз жауын шашып, Фуцзянь провинциясында бір тәулікте жауын-шашын мөлшері 195 миллиметрге жеткен, деп хабарлайды 24kz.
Сарапшылар мұндай көрсеткіш бұрын-соңды болмағанын айтады. Табиғи апат салдарынан көшелер мен тұрғын үйлерді су шайып кеткен. Бірқатар аймақта қауіптің көк деңгейі жарияланды. Осыған байланысты Фуцзянь арқылы өтетін пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Су тасқынының алдын алу мақсатында су сорғы станциялары жаңбыр суын теңізге жедел түрде ағызып жатыр.