АҚШ Еуропалық Одақ елдері Мексикаға салық салды
АҚШ Еуропалық Одақ елдері мен Мексика тауарларына 30%-тік салық енгізді, деп хабарлайды 24kz.
Бұл шектеу 1 тамызда заңды күшіне енбек. Ресми ескертулер Мехико мен Брюссельге жіберілген. Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Ол осылайша, Кәрі құрлық бірлестігіне мүше мемлекеттермен арадағы сауда тапшылығын азайтуды қалайтынын айтады. Ал Трамп латынамерикалық елдің билігін «сол жақтағы есірткі қылмыскерлерімен күресті дұрыс жүргізбей отыр» деп айыптаған. Сондай-ақ АҚШ президенті аталған мемлекеттер қарымта шара қабылдаса, тариф көлемі бұдан да жоғарылайды деп ескертті. Еурокомиссия өкілдері: «Үстеме салық еуропалық қана емес, сондай-ақ америкалықтардың өз нарығына да зиян келтіреді», - дейді. Келіссөздер болуы мүмкін. Мексика билігі 1 тамызға дейін оңтайлы мәміле жасаймыз деп сенеді.