Техастағы тасқыннан 129 адам қаза тапты

АҚШ-тың Техас штатындағы тасқын құрбандарының саны 129 адамға жетті. Қаза тапқандардың дені Керр округінің тұрғындары. Онда 103 адам көз жұмған. Оның 36-сы бала. Қаралы хабарды ABC News телеарнасы жеткізген.

Тағы 160 америкалық із-түзсіз жоғалып кетті. Іздеу-құтқару жұмысы әлі жалғасып жатыр. Операцияға тікұшақтар да тартылды. Төтенше қызмет мамандары қирандыларды аршу үшін арнайы техниканың көмегіне жүгінген. Алапат тасқын өткен аптада болды. Тоқтаусыз құйған нөсер салдарынан Гуадалупе өзенінің деңгейі 8 метрге көтерілген.