Британияда ыстық ауа райы жөнінен рекорд орнады

Ұлыбританияда ыстықтан рекорд орнады.

Сынап бағанасы Уэльсте 33, Шотландияда 32, Солтүстік Ирландияда 30 градусқа жеткен. Билік жоғары температура тұрғындар, әсіресе қарт адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін деп ескертті. Сондай-ақ орманда от тұтану қатері көбейді. Су тапшылыққа айналып, қымбатшылық басталуы мүмкін. Тұрғындарға үйден беталды шықпауға, көбірек су ішуге кеңес берілді.