Ресейде параатлеттер арасында мотожарыс басталды

Иркутскіде ерекше мотожарыс басталды.

Оған аяғы мен қолы протез спортшылар қатысып жатыр. Халықаралық ралли "Жібек жолы" деп аталады. Олардың мотоциклі дене ерекшеліктеріне лайықталған. Топ басшысы - параатлеттер дәрігері. Оның айтуынша, спортшылар экстрим арқылы өз мүмкіндіктерінің зор екенін, ешкімнен кем еместігін көрсетеді. Жарыс ұзақтығы 5 мың шақырымға жуықтайды. Ралли әрі қарай Моңғолияға дейін жалғасып, кейін Таулы Алтайда 22 шілдеде аяқталады.