Сирияда 15 мың гектар орманды алқап өртеніп кетті

Сирияның Латакия провинциясындағы орманды аймақтарды алапат өрт шарпып, 10 күн ішінде 15 мың гектар жер күлге айналды.

Ол жердің барлығы ауылшаруашылық алқаптарына тиесілі. Бұған дейін зәйтүн ағаштары, лимон, қызанақ, бұрыш және асқабақтың түр-түрі өсіріліп келді. Әрі бұл жергілікті тұрғындардың күнкөріс көзі еді. Енді мыңдаған адам үйлерін тастап, шаруалар шығынға батты. Дегенмен, олар жағдай тұрақталған соң қайта оралуға ниетті. Қазір ормандағы ағаштар қуарып, қап-қара күл басып қалған. Мамандардың айтуына қарағанда өртті дер кезінде тоқтату мүмкін болмаған. Оның үстіне техника мен маман аз. Әрі қызыл жалынның жайылуына құрғақ жел мен күннің ыстығы әсер етті.