Биткоин бағамы бір тәулікте үшінші рет тарихи рекорд орнатты
Биткоин бағамы тәулік ішінде үшінші рет тарихи рекорд орнатты, деп хабарлайды 24kz.
Криптовалюта құны алғаш рет 123 мың долларға жетті. Binance биржасы келтірген мәліметке қарағанда, оның құны небәрі бір тәулікте 4%-ке өсті. Сарапшылар: «Электронды ақшаның күрт өсіміне президент Дональд Трамптың Еуроодақ пен Мексика елдерінен жеткізілетін тауарларға 30% баж салығын енгізуі себеп», - дейді. Бұған қоса, ірі инвесторлардың цифрлық активтерге қызығушылығының артуы мен Таяу Шығыстағы ахуал әсер еткенін айтады.