АҚШ пен НАТО Украинаға қару беруге уағдаласты

АҚШ пен НАТО Украинаға қару беруге уағдаласты. Бұл туралы президент Дональд Трамп солтүстік-атлантикалық әскери альянстың бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуінде мәлімдеді. Ақ үй басшысының айтуынша, миллиардтаған доллар тұратын қаруды Құрама Штаттардың қорғаныс өнеркәсібі жасайды, ал қаржысын Еуропа елдері төлейді.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Президент Путиннен көңілім қалды. Біз Ресеймен баяғыда келісімге келуіміз керек еді, бірақ ол орындалмай келеді. Егер 50 күн ішінде мәміле жасалмаса, біз қатаң тарифтер енгіземіз.