Қытайдың оңтүстігін су басты

Қытайдың оңтүстігін су басты. Бәрінен де Гуанси-Чжуан автономды ауданы қатты зардап шеккен. Аймақта бірнеше күн толассыз жаңбыр құйды. Осының салдарынан жергілікті өзеннің арнасы 15 метрге дейін көтерілген. Бұл шамамен 5 қабатты үйдің биіктігіндей.

Билік 200-ден астам тұрғынды қауіпсіз жаққа көшірді. Олар уақытша паналау орталықтарына орналастырылған.