Түркияда FETO қозғалысының 400-ге жуық мүшесі тұтқындалды

Түркияда Фето ((FETO)) қозғалысының 400-ге жуық мүшесі тұтқындалды.

Рейдтік тексеру жұмыстары бір мезетте ел аумағындағы 60-тан астам провинцияда жүргізілді. Аталған ұйым Түркияда лаңкестік қозғалыс деп танылған. Оған БАҚ, мектептер мен қайырымдылық ұйымдары кірген. Осыдан 9 жыл бұрын ұйым жетекшісі, Фетхуллах Гюленге мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деп айып тағылған еді. Ол кезде 80 мыңнан астам адам қамауға алынып, 150 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды.