Газа секторында азық-түлік тарату кезінде 20 адам қаза тапты
Газа секторында гуманитарлық көмек тарату орталықтарында 20 адам қаза тапты. Құрбандардың бірі пышақ жарақатынан көз жұмған.
CBC News мәліметіне қарағанда, азық-түлік тарату кезінде талас-тартыс болып, соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Соның салдарынан құрбандардың көбі тапталып өлді. Гуманитарлық көмек тарату ұйымы дүрбелеңді ХАМАС қозғалысына қатысы бар қарулы топтар әдейі ұйымдастырған дейді. Кейінгі 6 аптада аймақтағы азық тарату бекеттерінде 900-ге жуық палестиналық қаза тапты. Орталық жұмысы БҰҰ тарапынан қатты сынға ұшыраған еді. Ұйымдағылардың пікірінше, бұл орталық бейбіт тұрғындардың өміріне қауіп төндіреді.