Италияда 10 мың сотталушы мерзімінен бұрын босатылады

Италияда 10 мыңнан астам тұтқын мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.

Бұл – барлық жазасын өтеушінің шамамен 15%-ы. Бұлай деп жергілікті БАҚ-на сілтеме жасай отырып, осы елдің әділет министрлігі хабарлады. Олардың айтуынша, елдегі түрмелер адамға лық толы. Қамаудағыларды азайту үшін билік осындай қадамға барғалы отыр. Мұндай жеңілдікке бостандыққа шығуына 2 жыл қалған, сондай-ақ кейінгі бір жылда тәртіп бұзбаған сотталушылар ілігеді. Ал терроризм, ұйымдасқан қылмыс, зорлау, адам ұрлау және мигранттармен заңсыз сауда сияқты ауыр қылмыс жасағандарға қарастырылмаған.