Кореяда жауыннан кейін сел жүріп, екі адам қаза тапты

Оңтүстік Кореяда толассыз жаңбырдан лай көшкіні жүріп, 2 адам қаза тапты.

Мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Оңтүстік Чхунчхон аймағында бір тәулікте 400 миллиметрдей жауын-шашын түскен. Салдарынан бірқатар ауданда сел жүріп, жолдар жабылған. Қазір апаттың салдарымен күрес жүріп жатыр. Төтенше жағдай қызметі көшелер мен жолдарды лай-батпақтан тазартып, қозғалысты қалпына келтіруге күш салуда. Ал синоптиктер алдағы күндері өңірде тағы жаңбыр жауады деп ескертеді.