Оңтүстік Корея су астында қалды
Қытайдың оңтүстігінде күн шыжып тұр
Қытайдың оңтүстігін аптап құрсаулап тұр. Ел аумағындағы 10 провинцияда ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілген.
Қазір бұл аймақтарда қауіптің қызғылт деңгейі жарияланды. Билік шұғыл қала көшелерінде шаңның бетін қайтарып, ауаны тазарту үшін су шашатын арнайы техникалар орнатып жатыр. Сондай-ақ аптап кезінде тұрғындарды тысқа шықпауға шақырды. Синоптиктер болса қатты ыстық апта соңына дейін жалғасады деген болжам жасап отыр.
Оңтүстік Корея су астында қалды
Ал Оңтүстік Кореяда тоқтамай жауған нөсер жауыннан кей аймақтарды су басты. Әсіресе, оңтүстік Чхунчхон аймағында ахуал күрделі. Жергілікті қауіпсіздік министрлігі келтірген мәліметке қарағанда, мұнда апат салдарынан 2 адам опат болды. Тағы бір мыңнан астам тұрғын уақытша паналау орындарына көшірілді. Тасыған судан өңірде жолдар жабылып, ағаштар мен көліктер көрінбей тұр. 200-ге жуық мектеп ғимаратына су кіріп, мүлкі бүлінген. Қазір 400-ден астам білім беру орындары уақытша жұмысын тоқтатты.