Жасанды интеллект сүйектің 3D үлгісін жасайды
Қытай ғалымдары адам сүйегінің үлгісін жасауға қабілетті жасанды интеллект жүйесін әзірледі. Жаңа технология адамның аяқ-қолын 30 секунд ішінде 3D форматында кескіндеп береді.
Бұл қайталанатын рентген сәулелерін азайтуға және науқастарды зиянды сәулелелерден қорғауға мүмкіндік береді. Клиникалық сынақтар Гонконгтағы мемлекеттік ауруханаларда жыл соңына дейін басталады.