Солтүстік Корея туристерге арналған демалыс орнын жауып тастады
Солтүстік Корея Вонсан қаласындағы жаңа демалыс орнын жауып тастады.
Оның пайдалануға берілгеніне екі апта ғана болған. Бірақ жергілікті билік бұл шешімнің уақытша екенін айтады. Негізі туристік аймақ жергілікті тұрғындар мен Ресей азаматтары үшін ашылған. Ол 20 мың адамға арналған. Осыдан бірнеше күн бұрын Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров шипажайға арнайы бас сұққан еді. Билік осы айдың соңына дейін Мәскеуден Пхеньянға тікелей рейс ашуды жоспарлап отыр.