Netflix алғаш рет түсірілімге жасанды интеллект қолданды
Netflix алғаш рет сериал түсіріліміне визуалды эффект жасау үшін жасанды интеллектті қолданды.
Компания басшылығының айтуынша, жасанды желі Аргентинаның ғылыми-фантастикалық жобасы "Этернавт" сериалында ғимараттың құлау кадрын модельдеуге көмектескен. Бұл эпизодты 10 есе жылдам аяқтауға және шығынды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді. Бірақ сарапшылар бұл бастама адамдарды индустриядан ығыстыруы мүмкін деп алаңдайды. Өйткені бұған дейін фильм түсіріліміне жасанды интеллект қолданған Голливудта мұның соңы дауға ұласқан еді. Алайда Netflix компаниясы жасанды желі адамның орнын алмастырмайды деп мәлімдеді.