Газада бір тәулікте 50 адам қаза тапты

Газада Израиль әскери күштерінің соққысынан бір тәулікте 50 адам қаза тапты. Тағы 100-ден астам тұрғын дене жарақатын алған.

Шабуыл Рафах пен Хан-Юнис қалаларына жасалды. Ондаған тұрғын-үй қирап, шатырлы лагерьлерге зақым келген. Қарулы қақтығыстар гуманитарлық көмек таратылатын пункттердің маңында да тіркелген. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, мамыр айының соңынан бері көмек алуға ұмтылған 900-ге жуық адам опат болған. Шамамен 6 мың адам жараланып, ауруханаға түсті.