Вьетнамда кеме апатынан 38 адам қаза тапты

Вьетнамның солтүстігінде круиздік лайнер апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты.

Тағы бес адам хабар-ошарсыз кетті.

Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады. Апатқа қолайсыз күн райы себеп болған. Найзағай ойнап, артынша дауылды жел соғып, салдарынан кеме аударылып, суға батып кеткен. Су көлігінде Вьетнамның 53 азаматы болған. Олардың 48-і – турист, қалған бесеуі экипаж мүшелері. Мыңға жуық маман мен 30 сүңгуір іздеу-құтқару жұмысын жалғастырып жатыр. Бірақ тоқтамай жауған нөсер операцияны жүргізуге кедергі келтіріп тұр.