Трамп Стейблкоин туралы заңға қол қойды
АҚШ Президенті Дональд Трамп Стейбл-Коинды заңдастыру туралы құжатқа қол қойды.
Бұл – бағамы тұрақты активке байланған криптовалюта түрі. Әдетте ол АҚШ доллары, еуро, алтын немесе мұнай сияқты нақты активтерге тәуелді. АҚШ-та Стейбл-коин доллармен қамтамасыз етілген. Ақ үй әкімшілігі заң, банктер мен басқа ұйымдарға Стейбл-коинды шығаруды жеңілдетеді деп мәлімдеді. Олардың айтуынша, бұл шара доллардың әлемдік резервтік валюта нарығындағы мәртебесін нығайтады. Бұған дейін заң жобасы Конгресте қаралып, мақұлданды. Трамп президенттік сайлауда жеңіске жетпей тұрып-ақ, АҚШ-ты криптовалютаның әлемдік астанасына айналдыруға уәде берген. Биыл наурызда ол цифрлық валюталардың стратегиялық резервін құруды тапсырған еді.