Иран ядролық келісімдерді қайта жаңғыртады
Иран Ұлыбритания, Франция және Германиямен ядролық бағдарлама бойынша келіссөз өткізеді. Кездесу 25 шілдеде Ыстамбұлда өтеді. Оған әр елдің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары қатысады.
Axios ақпарат құралының мәліметі бойынша Тегеран өз аумағында уранды байыту құқығын сақтап, ядролық нысандарға шабуыл жасамауды талап етіп отыр. Ал еуропалық дипломаттар егер, Иран өзінің ядролық бағдарламасының бейбіт сипатын көрсететін шаралар қабылдаса, санкциялар салынбайтынын алға тартады.