Израиль ДДСҰ ғимаратына шабуыл жасады
Израиль Дейр-эль-Балах қаласындағы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымына тиесілі ғимарат пен дәрі-дәрмек сақтайтын қоймаға шабуыл жасады.
Бұл жайында ұйымның Бас директоры мәлімдеді. Тедрос Гебрейесус қызметкерлер шабуылға қарамастан жұмысын жалғастыратын жазды. Қазір Дейр-эль-Балахта Газаның оңтүстігінен бас сауғалап келген бейбіт тұрғындар тұрып жатыр. Израиль енді қаланың оңтүстігі мен шығысына танктерін шоғырландырып, шабуылды одан әрі күшейтпек. Басты уәждері – ХАМАС осында жасырынып отыруы мүмкін.