Бангладеште аза тұту күні жарияланды

Бүгін Бангладеште ұшақ апатына байланысты аза тұту күні жарияланды. Апат салдарынан қаза тапқан адам саны 20-ға жетті. Тағы 160 адам жарақат алған. Бұл туралы New York Times басылымы хабарлады.

Зардап шеккендердің дені 9-18 жас аралығындағы оқушылар. Көпшілігін күйік шалған, жағдайлары ауыр. Кеше әскери-әуе күштерінің оқу ұшағы Дакка қаласындағы мектеп ғимаратына құлап, артынша өртеніп кетті. Сол сәтте оқушылар емтихан тапсырып, сабаққа қатысып жатқан. Қайғылы оқиғаның нақты себебі әлі анықталған жоқ, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.